Жұмыс жоспары жүзеге асырылуда

Жұмыс жоспары жүзеге асырылуда

Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы "Нұрлы жер 2020", "Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы", "Ауыл-Ел бесігі", "Өңірлерді дамыту 2020" мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуын бақылау және талдау бойынша, сондай – ақ мемлекеттік органдардың "қарапайым заттар экономикасы" салаларын дамыту, импорт және экспорт бойынша жобалық офистің және сәулет және құрылыс саласын цифрландыру бойынша жобалық офистің жұмысын орындау мақсатында ағымдағы жылдың шілде-тамызына арналған жұмыс жоспарын бекітті.

Айта кету керек, Басқарма мемлекеттік бағдарламалардың атқарылып, тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени нысандардың дер кезінде қолданысқа беріліп халықтың игілігіне жарауына барша мүмкіндіктерді қарастырып, сол бағытта қызмет атқарып жатыр.

Бекітілген жоспар арқылы, Басқарма дер кезінде тиісті іс-шаралар қолдана отырып, көрсеткіштерге уақытылы қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, осы жұмысқа Облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы тартылды, құрылыс кезінде жұмыстар өндірісінің сапасы және барлық құрылыс нормалары мен ережелерін сақтау мәселелерін қарау үшін, сонымен қатар 55 тұрғын үй кешені мен әлеуметтік, спорттық және мәдени мақсаттағы 12 объектіні бақылаумен қамту жоспарлануда.

Сонымен қатар, барлық өңірлік сәулет органдарының ведомстволық бағынысты аумақты дамытуы бойынша және мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуі де жіті бақылауға алынды.

Проблемалық мәселелерді шешу үшін, Басқарма басшысы Әсет Сүлейменов аймақтағы жағдайды бақылау және талдау бойынша бағыттарды нақты белгіледі және сол бағытта тиісты жұмыстар жүзеге асырылуда.