Қайсенов кентінде бір аусымда 150 келушіге арналған емхананың құрылысы

Қайсенов кентінде бір аусымда 150 келушіге арналған емхананың құрылысы

Бүгінгі таңда кез келген қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторларының бірі азаматтарды сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады.

Қазіргі дәрігерлік амбулатория Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы бейімделген ғимаратта орналасқан. Аталған амблуаторияның жеке кіреберісі жоқ және де дәрігерлік амбулаторияда қызмет көрсетілетін халықтың саны 8 мыңға жуық адамды құрайды, оның ішінде 2 мыңнан астамы жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары. Бұл өз кезегінде қызметкерлерге ғана емес осы көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарына да ыңғайсыздық тудырады.

Осы ретте бұл мәселені шешу үшін салалық басқарма құрылыс басқармасымен бірлесіп аталған кентте жаңа емхана салуға бастамашылық жасады. Қазіргі уақытта құрылыс басқармамен Ауыл ел бесігі бағдарламасы бойынша Қасым Қайсенов кентінде бір аусымда 150 келушіге арналған емхананың құрылысы жүзеге асырылуда.

Атап айтар болсақ емхана салуға арналған алаң аталған кенттің солтүстік батыс бөлігінде, кентті перспективалық дамытудың бекітілген Бас жоспарына сәйкес орналасқан.

2023 жылға қарастырылған қаражат есебінен мердігер ұйыммен, қазіргі уақытта материалдардың басым бөлігі алынып, учаске бойындағы электр желілерін учаскенің сыртына шығару жұмыстары, құрылысқа дайындық және жер жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар іргетас құрылысы аяқталды. Бүгінгі таңда іргетасты гидроизоляциялау және жертөле қабырғаларын нығайту (армирование) жұмыстары басталды.