«Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» КММ

«Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» КММ

Бүгінгі таңда жатақханаларда студенттер үшін орын тапшылығы өзекті мәселе болып табылады. Басқа елді мекеннен қалаға келген жастар өз бетінше баспана іздеп, сонымен қатар оған қомақты ақша төлеуге мәжбүр.

Аталған мәселені шешу бойынша облыс көлімінде бюджет қаражаты есебінен 3 жатақхана бой көтерген, оның ішінде Өскемен қаласында «Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» КММ студенттері үшін салынған
244 орындық 9 қабатты жатақхана құрылысы 2023 жылы аяқталды.

Аталған жатақханада студенттердің тұруына барлық жағдай жасалған. Атап айтсақ жатақхана барлық тұрмыстық және техникалық жабдықтармен жабдықталған. Жатақхана ғимаратының 1 қабатында асхана буфеті, тренажерлық зал, медициналық кабинет және әр қабатта оқу сабақтарына арналған бөлме орналасқан.

Қазіргі күні объектіні пайдаланушы ұйымның коммуналдық меншігіне беру рәсімдері жүргізілуде.