Ел Президентінің Жолдауына сәйкес «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Пилоттық Ұлттық жобасы аясында Ұлан ауданында 2023 жылы Құрылыс басқармасымен 5 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылысы жүзеге асырылды, атап айтар болсақ Желдіөзек, Сарыөзек, Казачье, Отрадное және де Макеевка елді мекендерінде.
Аталған ауылдардағы жаңадан салынған медициналық пункттер алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ, ғимаратта егу кабинеті, емшара кабинеті және акушер-гинеколог кабинеті қарастырылған.
Қазіргі таңда Құрылыс басқармасымен медициналық мекемелерді Ұлан ауданының орталық аудандық ауруханасының теңгеріміне беру бойынша іс-шаралар қолданылуда, оның ішінде аудандық аурухананың өкілдеріне нысан бойынша жеткізілген медициналық жабдықтарды беру атқарылуда.
Сонымен қатар, Ұлттық жоба аясында бұдан басқа облыс бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 19 нысанды іске асыру көзделген, оның ішінде Ұлан ауданы бойынша 1 медициналық пункт салу жоспарланған.