
Бірқатар аудандар бүгінде жұмысқа кірісіп кетті. Келесі аптада әрбір әкім осы жобаның іске асу барысы туралы жеке есеп береді. Бұл ретте Жарма ауданындағы жұмысты ерекше айта кеткім келеді. Өздеріңіз білетіндей, Шығыс Қазақстанда аз қамтылған көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету бойынша үш жылдық бағдарлама жүзеге асуда. Биыл әрбір аудан орталығында осы мәселені шешу бағытында нақты жұмыстар атқарылуы тиіс. Сондай-ақ, бақша, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін қажетті жер учаскесін бөлуді тапсырамын.