Қойнауы сырға толы Ақбауырға саяхат

Қойнауы сырға толы Ақбауырға саяхат

Қойнауы сырға толы Ақбауырға саяхат
ШҚО құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасы ұжымы Ақбауыр тарихи археологиялық кешеніне саяхат жасады
Неолит дәуіріне тән Ақбауыр ғибадатханасы тек шығыс өңірдің ғана емес, бүкіл Қазақстанның танымал қасиетті орындарының бірі.
Атаулы шара мақсаты - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Аймақтық департатментінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы бастамасын қолдау және мемлекеттік қызметкерлердің туған өлке тарихын жақын білуін көздейді.
Археологиялық кешеннің құпиясы көп. Басында ежелгі аспан обсервоториясының алаңқайы сақталған. Тау-тасы петроглифтерге толы.
«Жүрек пішінді саңылау бар екен. Ол жерде тілек тілеуге болады. Тасқа қашалған ежелгі суреттер де бұл жердің аса бір мистикаға толы екенін әспеттейді. Жалпы мұндай саяхаттар ұжымды жақындастыра түседі, әрі тәрбиеләк мәні зор, алған әсеріміз мол. Біздің өлкеміз тарихи орындарға бай», - деп бөлісті басқарма басшысы Әсет Сүлеймен.