Нұрлы жол шағынауданында көпқабатты үйлерді салу барысы және тұрғын ауданды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы

Нұрлы жол шағынауданында көпқабатты үйлерді салу барысы және тұрғын ауданды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы

Нұрлы жол шағын ауданы

Қазіргі уақытта шағын аудан электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріздің магистральдық және кварталішілік инженерлік желілерімен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, алаңішілік инженерлік желілер мен үйлерді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 4,1 км болатын кварталішілік көшелер мен өтпе жолдардың құрылысы басталды.

Нұрлы жол шағын ауданы:

- шағын ауданның жалпы ауданы: 81,76 га.

- тұрғын үйлердің саны: 3836 пәтерге арналған жалпы ауданы 393,4 мың м2 39 үй, оның ішінде:

1970 пәтерге арналған жалпы ауданы 172,1 мың м2 болатын 25 үй пайдалануға берілді.

Жалпы ауданы 172,6 мың м2 1 577 пәтерге арналған 13 үйдің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде:

- 7 коммерциялық үй (поз. 54, 55, 56, 60, 64, 72,107) 585 пәтерге арналған ауданы 58,6 мың м2;

- 6 Бюджеттік үй (поз. 57, 58, 63, 59, 65, 69) 992 пәтерге арналған ауданы 114,0 мың м2. Желіде ЖСҚ бар.

Базовая көшесі бойынша 1 коммерциялық тұрғын үй кешені әзірленуде - ауданы 48,65 мың ш. м. 289 пәтерге)  «АВАН ГАРД ПРОЕКТ ИНЖИНИРИНГ» ЖШС.

Осы шағын аудандағы әлеуметтік-мәдени нысандардың ішінен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша: 4 балабақша, 1 мектеп және 1 хоккей модулі қарастырылған.

Ағымдағы жылы 600 оқушыға арналған мектепті пайдалануға беру жоспарланған.