Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі «күшті өңірлер-елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасын іске асыру туралы

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі «күшті өңірлер-елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасын іске асыру туралы

1.Зырян қаласының орталық бөлігі су құбыры желілерін қайта жаңарту (1 кезек);

2.Зырян қаласының батыс бөлігі су құбыры желілерін қайта жаңарту  (2 кезек);

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Алтай қаласында Алтай қаласының орталық бөлігі су құбыры желілерін реконструкциялау (1 кезек) және Алтай қаласының батыс бөлігі су құбыры желілерін реконструкциялау (2 кезек) жобалары іске асырылуда.

1-кезектің жобасында жалпы ұзындығы – 110,5 км сумен жабдықтау желілерін ауыстыру көзделген. (монтаждалған – 106,8 км, 3,7 км қалды) құбырлардың диаметрі 25 мм - ден 225 мм - ге дейін. темірбетон құдықтарының саны - 1 132 дана (монтаждалған-1082 дана, қалған-50 дана). Орындалған жұмыс көлемі 95 % құрайды.

2-кезек жобасында жалпы ұзындығы – 75,3 км сумен жабдықтау желілерін ауыстыру көзделген. (монтаждалған – 73,2 км, 2,1 км қалды) құбырлардың диаметрі 25 мм - ден 450 мм – ге дейін. темірбетон құдықтарының саны – 737 дана. (монтаждалған-729 дана, қалған-8 дана). Орындалған жұмыс көлемі 95 % құрайды.

Нысандарды аяқтау 2024 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған, осы жобаларды іске асыру өте тозған (85 және одан да көп%) қалалық желілердің 65% (185,8 км) жаңартуға мүмкіндік береді.