Ұлан ауданында Ақбауыр, Аблайкит, Сартынбет, Қызылтас қорымдары және т.б. сияқты Қазақстанның бірегей тарихи – археологиялық ескерткіштері мен киелі нысандары орналасқан. Археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасы бойынша 2016 жылдан бастап Ақбауыр және Аблайкит ежелгі және орта ғасырлардағы ескерткіштерде археологиялық жұмыстар жүргізілді.
Осыған орай Глубокое ауданында ең бай тарихи-мәдени мұраның болуын ескере отырып, 2021 жылы облысты дамыту бағдарламасы аясында Бестерек ауылында мұражай-археологиялық кешенінің құрылысы іске асырылды.
2021 жылы осы жобаны іске асыруға 149,9 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді, игерілді (100%). Нысан объектіні қабылдау актісі негізінде 23.12.2021 жылы пайдалануға берілді.
Мұражай кешені бір қабатты. Ғимаратта сыйымдылығы
20 орындық конференц-залы, демалыс бөлмесі, кеңсе үй-жайлары қарастырылған.
Нысанның құрылысы Шығыс Қазақстан облысында мәдени-танымдық және экологиялық туризмді дамыту, сонымен қатар өңір тұрғындары мен қонақтары үшін сапалы мәдени бос уақытты ұйымдастыру, аймақ мәдениетін қалыптастырудағы археологиялық мұраның рөлін ашу, өлке тарихын зерттеу үшін мәдени-білім беру және ғылыми орта құру мақсатында көзделген.
Тарихи өткенді қазіргі шындықпен байланыстыра отырып, біз үйлесімді болашақ құрамыз. Бүгінгі таңда патриотизм тек адамгершілік құндылық және қоғамның жоғары моральдық көрсеткіші ретінде ғана емес, сонымен бірге тарихи жадыны, өз жерінің мәдени мұрасын, өз халқының салт-дәстүрлерін байланыстыратын берік іргетас ретінде қарастырылады. Бірігіп, халықтың мәдени бірегейлігі қоғамның тиімді дамуын қамтамасыз ете алатын қуатты трансформациялық және жасампаз күшке айналады.