Тестілеуден өту бойынша көптеген сұрақтарға байланысты түсіндіреміз

Тестілеуден өту бойынша көптеген сұрақтарға байланысты түсіндіреміз

Құрметті азаматтар! Тестілеуден өту бойынша көптеген сұрақтарға байланысты түсіндіреміз:

- "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметіне және құқық қорғау қызметіне кіру үшін тестілеуден өту күн сайын, жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі;

- тестілеуге жазылу e-gov порталында жүргізіледі;

- тестілеу залдарының мекен-жайлары: Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 63; Семей қ., Байтұрсынов к-сі, 36;

- тестілеудің шекті деңгейінен өтпеген тұлғаларды қайта тестілеу тестілеу күнінен бастап 1 айдан кейін жүзеге асырылады;

- санитарлық нормаларды сақтау мақсатында карантин кезеңінде Маска режимі міндетті;

- барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8(7232)76-50-21, 76-50-23, 76-50-91.