2023-2024 жж. жылыту маусымына дайындық барысы туралы (Өскемен қ., Риддер қ., Алтай ауданы)

2023-2024 жж. жылыту маусымына дайындық барысы туралы (Өскемен қ., Риддер қ., Алтай ауданы)

Жылыту маусымына дайындық бекітілген іс - шаралар жоспарына (бұдан әрі - Жоспар) сәйкес жүргізіледі. Жоспарға сәйкес барлық нысандарды дайындауды 2023 жылдың 15 қыркүйегіне дейін орындау жоспарлануда.

Қазіргі уақытта жылу электр орталықтарының дайындығы – 74,5% құрайды. Гидроэлектростанцияларда жөндеу жұмыстары 80,9% орындалды. 538,93 км электр желілерін немесе жоспардың 97,15% (554,7 км) күрделі жөндеу аяқталды.

Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің дайындығы – 99,4% (6,133 мың км – ден 6,096 мың км), бюджеттік ұйымдардың – 96,9% (837 объектінің 811-і), орталықтандырылған қазандықтардың – 87,8%, көппәтерлі тұрғын үйлердің – 95,9% (3 017 үйдің 2 893) құрайды.

Жалпы, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде жалпы құны 3,6 млрд. теңге болатын жылу желілерін қайта құру және салу бойынша 2024 жылы аяқталатын 4 жоба (Өскемен қаласы Малдыбаев к-і, Пограничная к-і; Шлюзная к-і; Глубокое ауданы Глубокое кенті) іске асырылуда. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге бөлінді. 3,38 км құбыр (5,8 км-ден) монтаждау жүргізілді.

Күзгі-қысқы кезеңдегі көмірдің жалпы қажеттілігі 3 097 мың тоннаны, оның ішінде 447,5 мың тоннаны, бюджеттік ұйымдардың – 40,9 мың тоннаны құрайды.

Облыс тұрғындары 292,2 мың тонна көмірмен немесе қажеттіліктің 65,3% қамтамасыз етілді.

Бюджеттік ұйымдар бойынша – 40,8 мың тонна немесе қажеттіліктің 99,8% жеткізілді.

Жылыту маусымына дайындық тұрақты бақылауда.