«Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде елді мекендерде көше жарығын орнату

«Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде елді мекендерде көше жарығын орнату
  1. Шемонаиха ауданы (Усть-Таловка кенті)
  2. Самар ауданы (Самар ауылы)

Облысты абаттандыру және ауылдардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу мақсатында елді мекендерді көшеде жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, ағымдағы жылы "Ауыл-ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында Шемонайха ауданы Усть-Таловка кентінде және Самар ауданы Самар ауылында көше жарығын орнатуға облыстық бюджеттен 79,1 млн.теңге қарастырылған.

Қазіргі уақытта Усть-Таловка кентінде көшені жарықтандыру құрылғысы аяқталды, 7 көшеде 178 тірек орнатылды.

Самар ауылында конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша "СтройЭнергоСервис LTD" ЖШС және "НАРЫН СТРОЙ СЕРВИС"ЖШС жеткізушілері арасында сот талқылаулары жүргізілуде.

Қарыз қаражаты шеңберінде ЕҚҚБ: 1. Өскемен қаласы; 2. Алтай ауданы (Зубовск кенті, Жаңа Бұқтырма, Малеевск ауылы, Тұрғысын); 3. Риддер.

2020 жылғы 11 сәуірде "ШҚО МЖӘ өңірлік орталығы" АҚ мен "Батыс транзит&HTD impex" мердігерлік компаниясы (Қазақстан, Чехия) арасында Шығыс Қазақстан облысы шегінде 9,5 мың жарық нүктесін қайта жаңарту бойынша жалпы құны 4,5 млрд.теңге болатын келісімшарт жасалды. Бұл жобаны іске асыру 2 кезеңге бөлінген.

Жобаның 1-кезеңі шеңберінде 8 елді мекен қамтылды (оның 4-4 жобаны іске асыру 2 фазаға бөлінген), 5 634 шам ауыстырылды. Бүгінгі таңда 4 638 шам немесе 82% орнатылды.

1-кезең бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылдың қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

2-кезең аясында 3 895 жарық нүктесін жаңғырту және салу үшін 9 елді мекенді қамту жоспарлануда.

Шамдардың бұл көлемі қалалар мен аудандарда басым көшелер бойынша бөлінген:

- Автобус қатынасы бар 1 179 дана;

- Әлеуметтік нысандарға жол жүру бойынша 1 290 дана;

- 1 426 дана қосымша учаскелер.

2-кезеңді іске асыруды аяқтау 2024 жылдың соңына дейін жоспарланған.

Осылайша, жобаны іске асыру қорытындысы бойынша облыстың 13 елді мекенінде 9 529 шам ауыстырылады