Елді мекендерді абаттандыру

Елді мекендерді абаттандыру
  1. ШҚО Риддер қаласының орталық бөлігінің инфрақұрылымын қайта жаңарту;
  2. ШҚО Самар ауданы Самар ауылындағы саябақтағы ескерткішті ағымдағы жөндеу;
  3. ШҚО Күршім ауданы Күршім ауылындағы орталық саябақты абаттандыру.
  4. ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы Жамбыл көшесі бойынша демалыс аймағын салу;

Аталған жобалар бойынша іске асыруға қаражат Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан (Риддер қаласында), сондай-ақ облыстың аталған қалалары мен аудандарының облыстық және аудандық бюджеттерінің қаражатынан көзделген.

 Бүгінгі таңда орындалған жұмыс көлемі Риддер қаласы бойынша - 85%, Самар ауданы – 93%, Күршім ауданы – 96% құрайды. Жұмыстың негізгі түрлері: Риддер қ. электр желілерін ауыстыру, электр жарығы,су құбыры – 521 м, шағын сәулет нысандарына арналған алаңдарды бетондау жұмыстары, субұрқақ, тротуар плиткаларын төсеу жұмыстары жүргізілді - 8940 м2, автотұрақтың асфальтбетон жабыны – 474 м2, ойын алаңдары, портал (іргетас бөлігі орындалды), 174 дана ағаш отырғызу, беседкалар, дөңгелек орындықтар - 1 дана, жартылай дөңгелек орындықтар - 18 дана, орындықтар - 35 дана, воркаут, фотосуретке арналған өнер объектісі, LED экранға арналған іргетас бөлігі.

Самар ауданы бойынша ескерткіштің құрылысы аяқталды, төсеніш төсеу аяқталды, жарықтандыру тіректерін орнату жұмыстары жүргізілуде, МАФ монтажы (шағын архитектуралық нысандар).

Күршім ауданы бойынша бөлшектеу жұмыстары жүргізілді, тас төселді, футбол алаңы, баскетбол, балалар ойын алаңы орнатылды. Бүгінгі таңда жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Ағаш отырғызу жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында жүргізіледі.

Жұмыстарды аяқтаудың болжамды мерзімі ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған.

Сондай - ақ, Тарбағатай ауданы бойынша қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурстық жұмыстар жүргізілуде.