Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі "күшті өңірлер-елді дамытудың драйвері" ұлттық жобасын іске асыру туралы.

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі "күшті өңірлер-елді дамытудың драйвері" ұлттық жобасын іске асыру туралы.
  1. «Шығыс Қазақстан облысы Алтайауданы Малеевск ауылында су құбыры желілерін салу»

2020 жылы «Сәулетші» құрылыс тобы» ЖШС Малеевск ауылында жалпы құны 1769,7 млн. теңге болатын орталық су құбырын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірледі.

«ШҚО Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ жобасының тапсырыс берушісі Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша мердігер ұйыммен – «Alyans XXI» ЖШС-мен шарт жасасты.

Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес су жинау құрылыстарының алаңын, бірінші және екінші көтергіш сорғы станцияларын, сыйымдылығы 300 м3 екі таза су резервуарын, сыйымдылығы 50 м3 су қысымы мұнарасын, БӨП салу көзделген. Жоба бойынша желілердің жалпы ұзындығы 27,991 километрді құрайды.

Қазіргі уақытта магистральдық желілерді төсеу және темірбетон құдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. 9 км желі салынып, 80 құдық орнатылды. Нысандағы жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіледі.

2023 жылы жобаны іске асыруға 300,0 млн. теңге бөлінді. Нысан 2024 жылға ауысады.

Жобаны іске асыру 948 адамнан тұратын Малеевск ауылының тұрғындарын кепілді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Малеевск ауылында 390 аула бар.

  1. «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Путинцево ауылында су құбыры желілерін салу»

2020 жылы  «Семипалатинскгражданпроект» ЖШС Путинцево ауылында жалпы құны 1145,7 млн. теңге болатын орталық су құбырын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірледі.

«ШҚО Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ жобасының тапсырыс берушісі Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша мердігер ұйыммен – «Alyans XXI» ЖШС-мен шарт жасасты.           

Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес су жинау құрылыстарының алаңын, бірінші және екінші көтергіш сорғы станцияларын, сыйымдылығы 300 м3 екі таза су резервуарын, сыйымдылығы 15 м3 су қысымы мұнарасын, сыйымдылығы 7,5 м3 сарқынды су резервуарын салу көзделген. Жоба бойынша желілердің жалпы ұзындығы 18,285 километрді құрайды.

Қазіргі уақытта магистральдық желілерді төсеу және темірбетон құдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. 6 км желі салынып, 50 құдық орнатылды. Нысандағы жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіледі.

2023 жылы жобаны іске асыруға 650,0 млн. теңге бөлінді. Нысан 2024 жылға ауысады.

Жобаны іске асыру 410 адамнан тұратын Путинцево ауылының тұрғындарын кепілді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Путинцево ауылында 186 аула бар.

  1. «ШҚО, Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы су құбыры құрылыстарын және олармен байланысты желілерді қайта жаңарту»

2021 жылы «Градопроект» ЖШС жалпы құны 2973,3 млн.теңге болатын Үлкен Нарын ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірледі.

«ШҚО Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ жобасының тапсырыс берушісі Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша мердігер ұйыммен – «Integra Construction KZ» ЖШС-мен шарт жасасты.

Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес су жинау құрылыстарының алаңын, бірінші көтергіш сорғы станцияларын реконструкциялау, Горная көшесі үшін сорғы айдау станциясын, сыйымдылығы 500 м3 болатын үш таза су резервуарын салу көзделген. Жоба бойынша реконструкцияланған желілердің жалпы ұзындығы 69,592 километрді құрайды, оның ішінде тұтынушыларға жеткізу - 17,378 км.

Қазіргі уақытта магистральдық желілерді төсеу, темірбетон құдықтарын орнату және таза су резервуарларын құю жұмыстары қатар жүргізілуде. 28,2 желі салынып, 140 құдық орнатылды. Нысандағы жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіледі.

2023 жылы жобаны іске асыруға 816,7 млн. теңге бөлінді. Нысан 2024 жылға ауысады.

Жобаны іске асыру 4488 адамнан тұратын Үлкен Нарын ауылының тұрғындарын сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді, оның ішінде 315 адам қосымша сумен қамтамасыз етіледі.