Құрметті Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлері! Құрметті жерлестер!

Құрметті Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлері! Құрметті жерлестер!

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, міне, 75 жыл толып отыр. Жүздеген мың қазақстандықтар майдан даласында ерлік пен жанқиярлық көрсетті. Олардың көбі соғыстан оралмады.

Олардың есімі біздер үшін әрдайым қадірлі. Ал, тылда қалғандар өздерінің ерен еңбегімен жеңісті жақындатуға үлес қосып, соғыстан соң майданнан оралғандармен бірге елімізді қалпына келтіруге еңбек сіңірді. Мұның барлығы біздердің бақытты өмір сүруіміз үшін жасалды.

Мемлекетіміз бен жергілікті атқарушы органдар оларға әрдайым қамқорлық жасап, қолдан келген жақсылықтың барлығын жасауда.

Олар әлі күнге дейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өмірге деген құштарлықты сездіріп, жастардың арасында тәрбие жұмыстарын белсенді атқарып келеді. Біздерге олардың жасампаздыққа бағытталған өмірлік тәжірибесі әрдайым қажет. Олардың өз отандарына деген қаһармандығы мен түпсіз берілгендігі бүгінгі жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі болады.

Құрметті соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері, сіздерге ерліктеріңіз бен ерен еңбектеріңіз үшін әрдайым ризашылық білдіреміз.

Сіздерді айрықша мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге мол денсаулық, ұзақ өмір, өмірдегі барлық жақсылықты тілейміз!