Құрметті облыс тұрғындары! Қадірлі әскери қызметшілер!

Құрметті облыс тұрғындары! Қадірлі әскери қызметшілер!

1992 жылы 7 мамырда еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойып, сол уақыттан бері Отан қорғаушылар күні бүкілхалықтық мерекеге айналды.

 

Отан қорғаушылар күні – бұл біздің Отанымызды көптеген ғасырлар бойы қорғап келген ерлерді еске алу күні. Әрбір үйде, әрбір отбасында кешегі                 Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен әкелер мен аталарды ұмытпай, есте сақтайды.

Бұл күні біздер мемлекеттің мүддесін қорғау, халықтың тыныштығын қамтамасыз ету күзетінде тұрғандарға құрмет көрсетеміз. Мемлекет басшысы, Бас Қолбасшының үнемі қамқорлығының арқасында жыл өткен сайын Қарулы Күштеріміздің жауынгерлік қабілеті артып, олар осы заманғы қару және техникамен қамтамасыз етіліп, жоғары білімді мамандармен толықтырылып келеді.

Әр түрлі әскер түрлерінде қызмет ету көптеген жастар үшін ерлік пен патриотизмнің нағыз мектебі болып табылады. Олар өздерінің конституциялық және азаматтық міндеттеріне орай көптеген әскери бөлімшелерде қызмет атқарып келеді.

Кезінде әскер қатарында қызмет еткен және осы күндері өздерінің әскери борышын өтеп жатқан құрметті әскери қызметшілер! Сіздерді ерлік пен даңқтың мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге мықты денсаулық, отбасында бақыт пен байлық тілейміз