Жылыту маусымына дайындық бекітілген іс - шаралар жоспарына (бұдан әрі - Жоспар) сәйкес жүргізіледі. Жоспарға сәйкес барлық нысандарды дайындауды 2023 жылдың 15 қыркүйегіне дейін орындау жоспарлануда.
Қазіргі уақытта жылу электр орталықтарының дайындығы – 53,1% құрайды. Гидроэлектростанцияларда жөндеу жұмыстары 66,7% орындалды. 299,84 км электр желілерін немесе жоспардың 54,1% (554,7 км) күрделі жөндеу аяқталды.
Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің дайындығы – 92% (6,1 мың км – ден 5,6 мың км), бюджеттік ұйымдардың – 93,8% (837 объектінің 785-і), орталықтандырылған қазандықтардың – 72,3%, көппәтерлі тұрғын үйлердің – 70,1% (3 017 үйдің 2 116) құрайды.
Жалпы, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде жалпы құны 3,6 млрд. теңге болатын жылу желілерін қайта құру және салу бойынша 2024 жылы аяқталатын 4 жоба (Өскемен қаласы Малдыбаев к-і, Пограничная к-і; Шлюзная к-і; Глубокое ауданы Глубокое кенті) іске асырылуда. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге бөлінді. Жұмыстар ағымдағы жылдың жоспарынан 46,6% - ға орындалды, 1,1 км құбыр (5,8 км-ден) монтаждау жүргізілді.
Күзгі-қысқы кезеңдегі көмірдің жалпы қажеттілігі 3 097 мың тоннаны, оның ішінде 447,5 мың тоннаны, бюджеттік ұйымдардың – 40,9 мың тоннаны құрайды.
Облыс тұрғындары 185,5 мың тонна көмір немесе қажеттіліктің 41,5% дайындады.
Бюджеттік ұйымдар бойынша – 33,8 мың тонна (40,9 мың тоннадан) немесе 82,8% жеткізілді.
Жылыту маусымына дайындық тұрақты бақылауда.