2022 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ақпаратына сәйкес, облыста 241 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды, оның 42-і жеке меншік аумақтарда орналасқан. Бүгінгі таңда 191 (79%) рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды.
Сонымен қатар, жеке меншік аумақтарда орналасқан 42 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою мақсатында, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталған тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау жұмыстарын жүргізуде. Қалған 8 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімдігі жүргізуде.