Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Жоғарғы Тайынты ауылында су құбыры желілері мен құрылыстарын салу

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Жоғарғы Тайынты ауылында су құбыры желілері мен құрылыстарын салу

Жалпы құны 595,9 млн. теңге болатын жоғарғы тайынды ауылында орталық су құбырын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы 2021 жылы "ВостокМассивпроект"ЖШС әзірледі.

Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша Тапсырыс беруші - "ШҚО Ұлан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ – "Alyans XXI"ЖШС мердігерлік ұйымымен шарт жасасты.

Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес, жоғарғы тайынды ауылында су тарту құрылыстары алаңының, бірінші және екінші көтергіш сорғы станцияларының, сыйымдылығы 100 текше метр екі таза су резервуарының, көлемі бір текше метр ағызу су резервуарының құрылысы көзделген. Жоба бойынша желілердің жалпы ұзындығы 8,7 километрді құрады, оның ішінде желілерді тұтынушылар учаскелерінің шекарасына дейін жеткізу – 2,5 километр.

Қазіргі уақытта магистральдық желілерді төсеу, Ұңғымаларды орнату және су жинау алаңында жұмыстар қатар жүргізілуде. Сорғы станциялары мен басқа да нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Нысандағы жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіледі.

2023 жылы жобаны іске асыруға 242,157 млн. теңге бөлінді. Нысан ағымдағы жылы аяқталады деп жоспарлануда, осыған байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 297,7 млн.теңге сомасына жобаны қосымша қаржыландыру туралы бюджеттік өтінім жолданды.

         Жобаны іске асыруды аяқтау Жоғарғы тайынды ауылының тұрғындарын (375 адам) кепілді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.