Соңғы жылдары жеке инвестиция есебінен коммерциялық тұрғын үй құрылысының көлемі айтарлықтай артып, биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда өсім 116 пайызды құрады. Өскемен қаласының «Спорт», «Нұрлы жол» 19 және 22 тұрғын аудандарында, 7110 пәтерлік 84 коммерциялық үй салу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта Өскемен қаласы бойынша ауданы 413,9 мың ш.м (3 839 пәтер) 49 коммерциялық үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Коммерциялық тұрғын үй құрылысын дамыту үшін 2015 жылы «СПК – Ертіс» АҚ бірлесіп жеке инвестиция арқылы коммерциялық тұрғын үй құрылысының механизмін әзірледі.
2023 жылға дейін «СПК-Ертіс» АҚ-мен бірлескен жұмыстың арқасында 1085 пәтерлік жалпы ауданы 101,0 мың м2 19 үй пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылы «СПК – Ертіс» АҚ арқылы 49,4 мың ш.м (496 пәтер) 7 тұрғын үй салынуда.
Жыл қорытындысы бойынша Өскемен қаласында жалпы – 199,6 мың м2 (2 051 пәтер) 20 коммерциялық үйді пайдалануға беру жоспарлануда.
Оның ішінде 5 айда 56,2 мың м2 (489 пәтер) 6 үй, оның ішінде «Спорт» шағын ауданында «СПК – Ертіс» АҚ арқылы жалпы ауданы 5,9 мың м2 (68 пәтер) 1 үй пайдалануға берілді.
Айта кету керек, облыста «Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданы, Ю.Увалиев пен Көкжал Барака көшелерінің қиылысында көпқабатты тұрғын үй құрылысы» нысаны бойынша, «Sparkle Diamond» (ATQ Corparate) ЖШС-нің ғана үлескерлерден қаражат тартуға рұқсаты (КЖК кепілдігі) бар.
Өскемен қаласының тұрғындарын шарт жасасу, пәтер сатып алу кезінде рұқсат құжаттарының, жер актілерінің бар-жоғын, сараптаманың бар-жоғын, сондай-ақ үлестік құрылысқа рұқсаттың бар-жоғын Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі No 486-V ҚРЗ Заңнамасына сәйкес тексеріп алуларын сұраймыз.