Электр беру

Электр беру

Құрметті жерлестер!

Өскемен қ. Ахмирово ауылын, «Звездный» және «Светоч» бау-бақша серіктестіктерін тұрақты электрмен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін 2022 жылдан бастап жалпы құны 1,1 млрд. теңге болатын 3 жоба іске асырылуда.

  1. Ахмирово ауылын электрмен жабдықтау желілерін салу.

Жобаны іске асыру шеңберінде 635 үй (шамамен 2540 адам) сенімді электрмен жабдықталады. Жобада 59,261 км электр беру желілерін салу және 9 трансформаторлық қосалқы станция орнату көзделген.

  1. Өскемен қ. Ново-Ахмирово ауылы ауданында «Звездный» бау-бақша серіктестігінің электрмен жабдықтау желілерін салу

Қазіргі уақытта «Звездный» бау-бақша серіктестігінде барлығы 468 абонент бар, қыс мезгілінде 90 отбасы тұрақты тұрады. Жобаны іске асыру шеңберінде ұзындығы 7,56 км электр беру желілерін салу және екі трансформаторлық қосалқы станцияларды орнату жоспарлануда.

  1. «Светоч» бау-бақша серіктестігінің электрмен жабдықтау желілерін салу

Жобаны іске асыру шеңберінде 412 Үй (шамамен 1120 адам) сенімді электрмен жабдықталады. Жобада ұзындығы 11 км электр беру желілерін салу және 5 трансформаторлық қосалқы станция орнату көзделген.

Жоғарыда аталған жобалардың құрылыс-монтаждау жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, бүгінгі күні 23 тұрғын ауданының электр энергиясын тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 23 тұрғын ауданының электрмен жабдықтау желілерін салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, оның шеңберінде 41,8 км электр беру желілерін салу 6 трансформаторлық қосалқы станция орнату жоспарлануда. Жобаның құны – 652,6 млн. теңге.

Жоғарыда аталған жобаны қаржыландыру мәселесі облыстық бюджет комиссиясының келесі отырысында қаралатын болады.