Мемлекет басшысы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына Жолдауында ұлт денсаулығын нығайту, халықтың барлық жас топтары арасында бұқаралық спортты дамыту мәселелерінің шешімін атап өтті, сондай-ақ
2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» Жолдауында облыстар мен ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашуды қамтамасыз ету бойынша бұқаралық спорттың басым бағытын белгіледі.
Осыған байланысты, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықты қамтуды ұлғайту және халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы Алтай ауданы Серебрянск қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын іске асыру жүзеге асырылды. Сол жылдың желтоқсан айында спорт кешенінің құрылысы пайдалануға берілді.
2022 жылғы наурызда жаңадан салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешені толығымен жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіне берілді.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешені баскетбол, волейбол, мини-футбол, теннис, бадминтон, бокс, күрес, ауыр атлетика сияқты бірнеше спорт түрлеріне арналған және тиісті жабдықтармен жабдықталған, соның ішінде вело жаттықтырғыш, аяқ және жүруге арналған жаттықтырғыштар, кешенді жаттықтырғыш, сондай-ақ бокс рингі.
Спорт кешенінің үй-жайларында вестибюль, шағын футбол, волейбол залы, құрал-жабдықтарға арналған бөлме, жаттықтыру залы, жаттықтырушыларға арналған бөлме, киім-кешек бөлмесі, техникалық бөлмелер, ерлер мен әйелдердің киім ауыстыратын бөлмелері, душ бөлмесі, санитарлық тораптар, медициналық пункт, күрес және бокс залы бар. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің біржолғы өткізу қабілеті ауысымда – 47 адам. Спорт залындағы көрермендер саны - 110 адам.
2022 жылғы мамырдан 2023 жылғы мамырға дейінгі кезеңде спорт кешенінде өткізілген жарыстар саны - 32.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмыс істеуі кезінде жас спортшылардың спорттық шеберлігі артты. Спортшылар
60-тан астам іс-шараларға қатысты, оның ішінде
12 республикалық деңгей, 14 облыс чемпионаты. Осы уақыт ішінде балалар түрлі жарыстардың жүлдегерлері мен чемпиондары атанды. Шығу қорытындысы бойынша мынадай разрядтар берілді: КМС – 1, 1 разряд 18 адам, 2 және 3 разрядтар - 36 адам, жаппай жасөспірімдер разрядтары -38 адам.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы Серебрянск қаласында спортпен шұғылданатын балалар, жасөспірімдер мен жастардың санын арттыруға мүмкіндік берді.