«ШҚО Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінде 200 орындық мектеп салу» нысаны бойынша ақпарат

«ШҚО Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінде  200 орындық мектеп салу» нысаны бойынша ақпарат

Өткен жылы облыс басшысы Бұқтырма су қоймасының жағалауында туризмді белсенді дамыту туралы шешім қабылдады. Бұқтырма жағалауында отандық туристерді тарту мүмкіндігі зор. Жаңа кластердің орталығы ретінде Жаңа Бұқтырма ауылы таңдалды.

Алайда, Жаңа Бұқтырма кентінің жайлы және тартымды көрінісін жасамас бұрын инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде білім беруді іске асыру қажет.

Бүгінгі таңда кентте 2 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді:

  1. қазақ тілінде оқытатын «№ 1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» КММ, жобалық қуаты 391 орын;
  2. орыс тілінде оқытатын «№ 2 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» КММ, жобалық қуаты 792 орын;

Қазақ тілінде оқытатын «№ 1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» КММ Оқу процесі бұрынғы балабақшаның бейімделген ғимаратында ұйымдастырылған. Ғимарат 1970 жылы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, бұл ғимаратта: музыка мектебі, Жаңа Бұқтырма кентінің әкімдігі, ХҚКО, пошта бөлімшесі орналасқан. Оқу сабақтары балабақшаның топтық бөлмелерінен бейімделген сынып бөлмелерінде өткізіледі.

Осыған байланысты, Жаңа Бұқтырма кенті тұрғындарының жоғары әлеуметтік белсенділігін ескере отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша жағдайды жақсарту мақсатында құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен Жаңа Бұқтырма кентінде 200 орындық мектеп салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаны іске асыру мерзімі 2023-2024 жылдар.

Жұмыс жобасы шеңберінде мемлекеттік тілде оқытатын
200 орындық 2 қабатты мектеп ғимаратын салу, мектепті интерактивті тақталармен, ноутбуктермен, проектормен, лингафон жабдықтарымен, шеберханаларға арналған жабдықтармен (тігін машинасы, ағаш өңдеу станогы, металл станоктары және т.б.) жарақтандыру көзделген.

Қазіргі уақытта жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Мектеп құрылысы балаларды сапалы білім алуға және тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Бұл жобаның әлеуметтік маңызы бар, өйткені өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы және тиісті жағдайлар жасалатын болады. Орта білім беру қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етудегі жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді, оқытудың заманауи әдістерін табысты және тиімді енгізуді қамтамасыз етеді.

Жоба Мемлекет басшысының «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» 2022 жылғы 1 қыркүйектегі мектептер салу және білім беру объектілерінің материалдық – техникалық базасын жақсарту бөлігінде, 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 «Сапалы білім беру» Білімді ұлт» ұлттық жобасына мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын бейімделген ғимараттарды ауыстыру мақсатында мектептер мен қосымша ғимараттар құрылысының бөліктері жоспарына сәйкес.