Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Тургусун ауылында сумен жабдықтау желілерінің құрылысы

Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы,  Тургусун ауылында сумен жабдықтау желілерінің құрылысы

2020 жылы «VK ETNA» ЖШС жобалау ұйымы жалпы құны 989,4 млн. теңгені құрайтын «Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Тургусун ауылында сумен жабдықтау желілерінің құрылысы» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірледі (сараптама қорытындысы - 2020 жылғы 17.11. № ЭКСПРО-0018/20).

Жобаның тапсырыс берушісі – «Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ.

Жобада қарастырылған:

- су алу құрылыстарының жаңа алаңын салу;

– жалпы ұзындығы 22 162 м су желілерді салу.

Жасалған шарттарға сәйкес жоба бойынша жұмыстардың құны 929,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде;

- ҚМЖ («НКО» ЖШС) - 891,3 млн. теңге;

- техникалық қадағалау («Нұралем-Құрылыс» ЖШС) - 27,2 млн. теңге;

- авторлық қадағалау («VK ETNA» ЖШС) - 10,5 млн. теңге.

2022 жылы 598,9 млн. теңге бөлініп, игерілді. 2023 жылы жобаны аяқтауға 530,056 млн. теңге бөлінді.

Жобаны іске асыру 1005 адамнан тұратын Алтай ауданының Тұрғысын ауылының тұрғындарын кепілді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.