"Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы туралы

"Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы туралы

"Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасына сәйкес 2023-2025 жылдар аралығында облыста 4200 орындық 10 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде 300 орындық 6 мектеп және 600 орындық 4 мектеп бар.

"Жайлы мектеп "білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысына сәйкес орта білім беру ұйымдарының жаңа объектілерін нысаналы салу тапсырыс берушінің функциялары берілген "Samruk-Kazyna Construction" АҚ арқылы жүзеге асырылады.

Бұл мектептерді салудың мақсаты қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасының алшақтық факторларын жою, сондай-ақ білім беру ортасының (инфрақұрылымның) жаңа стандарттарын енгізу болып табылады.

Жайлы мектептердің ерекшеліктері-бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек блоктарда оқиды. Бұл қауіпсіздік шараларын арттыру мәселелеріне байланысты. Олардың әрқайсысында психолог және логопед, работотехника, биотехнология кабинеттері, STEM зертханалары, хореография залы, коворкингтер, 600 орындық мектептерге арналған жеке спорт залдары (бастауыш және орта сыныптар үшін) болады.

Ағымдағы жылы 3000 орындық 7 мектептің құрылысы басталады, оның ішінде                                         600 орындық 3 мектеп (Өскемен қ.-2, Риддер-1) және 300 орындық 4 мектеп (Өскемен қ., Шемонаиха қ., Белоусовка к., Опытное поле а.) пайдалануға беру мерзімі 2024 жылы.

2024 жылы 1200 орындық 3 мектептің құрылысы басталады (Өскемен қаласында 2 мектеп, Прапорщиково ауылында 1 мектеп). Пайдалануға беру 2025 жылға жоспарланған.

Қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары аталған мектептердің құрылысына жер учаскелерін бөлді. Сондай-ақ, жер учаскелерін тұрақты және уақытша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосуды қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта "Samruk-Kazyna Construction" АҚ келесі 5 мектеп бойынша конкурстық рәсімдерді өткізуде (Өскемен қ., Риддер қ., Шемонаиха қ., Белоусовка кентінде және Глубокое ауданының Опытное поле а.).