2023 жылғы 15 наурызда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), оған сәйкес үйлерді басқарудың жаңа нысандары тұрғын үйдегі пәтерлердің белгілі бір санына сәйкес келуі керек, оның ішінде:
Заңның толық мазмұнын мына сілтеме бойынша көруге болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2300000207.
Осылайша, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестіктері үйдің пәтерлігі 30-дан астам болған жағдайда екі жыл ішінде басқару нысанын осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруге және МИБ көшуге міндетті.
Сондай-ақ, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен реформаны іске асыру шеңберінде нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде кондоминиум объектісін басқаруға жұмсалатын шығыстардың ең аз мөлшерін, қасбеттерді ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің лифттерді жөндеуге және ауыстыруға байланысты шығындарды өтеу қағидаларын, коммуналдық қызмет көрсету қағидаларын бекіту бойынша жұмыстар жүргізуде.
Көппәтерлі тұрғын үйлерді (МИБ/ЖС) басқарудың жаңа нысандарына көшу мәселелері бойынша негізгі материалдарды «Тұрғын үй коммуналдық- шаруашылығың жаңғырту және дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ ресми сайтынан көре аласыздар (https://zhkh.kz/), сондай-ақ барлық туындаған мәселелер бойынша облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне жүгіне аласыздар.