2022 жылы «VK ЕТNА» ЖШС жобалау ұйымымен жалпы құны 808,820 млн.теңгеге «Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы Степное ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құру» жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді (сараптамалық қорытынды - 2022 жылдың 15 шілденің № INEX-0001/22).
2023 жылы жобаны бастауға республикалық бюджеттен 136,0 млн.теңге бөлінді.
2022 жылдың 7 қарашасында мердігерді анықтау үшін тендерлік рәсімдер жарияланды.
2022 жылдың 15 желтоқсанында конкурстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаз – «Альянс XXI» ЖШС анықталды, алайда нәтижеге басқа қатысушылармен шағым жасалды.
2023 жылдың 23 қаңтарында «Альянс XXI» ЖШС-і «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» ММ және «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ-нің үстінен сотқа 2022 жылғы 30 желтоқсандағы камералық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны заңсыз деп танып, күші жойылсын деген талап арызбен жүгінді.
2023 жылғы 27 ақпандағы сот шешімімен «Альянс XXI» ЖШС-нің «Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі аудит департаменті» РММ-ға қатысты әкімшілік ісі бойынша талап арызы қанағаттандырылды.
2023 жылғы 14 наурызда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ 2023 жылғы 27 ақпандағы сот шешіміне апелляциялық шағым түсірді. Тыңдаулар ағымдағы жылдың сәуір айының бірінші онкүндігіне жоспарланған.