Мектеп құрылысы бойынша ақпарат

Мектеп құрылысы бойынша ақпарат

Үш ауысымды оқыту мәселесін шешу шеңберінде, сондай-ақ балаларды мемлекеттік тілде сапалы білім берумен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы 920 орындық 2 мектеп нысанын, оның ішінде 600 орындық Риддер қаласында және Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде 320 орындық іске асыру аяқталды. Ағымдағы жылы «Сапалы білім беру «Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында Өскемен қаласында 599 орындық, Зайсан қаласында 300 орындық мектеп құрылысы жалғасуда.

Барлық жаңа мектептерде спорт, гимнастика және тренажер залдары, кешенді спорт алаңы (жұмсақ жабыны бар), акт залы, асханалар, медициналық және процедуралық кабинеттер, Интернет желісіне шығуды және мультимедиялық оқыту бағдарламаларын пайдалануды қамтамасыз ететін оқу залы, заманауи аймағы мен кітапхана бар. Мектептерде дербес компьютерлермен жабдықталған компьютерлік сыныптар бар. Оқу кабинеттері проекторлармен, интерактивті тақталармен, мұғалімдердің жұмыс орындары компьютерлермен, ішінара көбейту техникасымен жабдықталған.

Енгізілген нысандар

  1. Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі 320 орындық мектеп

Мектеп құрылысы 2021 жылдың қараша айында «СтройДомСервис» ЖШС қосалқы мердігерлік ұйымымен басталды.

Күрделі пішінді 2 қабатты мектеп ғимараты бір-біріне бекітілген төрт
корпус – блоктардан тұрады. Ғимараттың жалпы ауданы – 5154,4 шаршы метр, сыйымдылығы – 320 оқушы, сынып толымдылығы – 24 оқушы.

  1. «Риддер қаласындағы 600 оқушыға арналған мектеп»

Мектеп құрылысы 2020 жылдың желтоқсан айында «ОБЛШЫҒЫСЖОЛ» ЖШС мердігерлік ұйымымен басталды.

Ғимарат әр түрлі қабаттағы (2-3 қабат) 3 блоктан тұрады, олар функционалды және жоспарлы түрде бір-бірімен біртұтас кешенге қосылған. Ғимараттың жалпы ауданы – 10 311,6 ш.м., сыйымдылығы – 600 оқушы, сынып толымдылығы – 24 оқушы.

Салынып жатқан нысандар

  1. «Өскемен қаласы «Нұрлы жол»ауданында 599 орындық мектеп»

Мектептің құрылысы 2022 жылдың мамыр айында «SERVICECMУ» ЖШС мердігерлік ұйымымен басталды.

Мектеп ғимараты бір қабатты, жертөлесі жоқ, шатыры бар, жоспарда күрделі пішінді, дефармациялық тігістермен бөлінген 10 блоктан тұрады. А1, А2, Б1, Б2, Б3, В1, В2, Г, Д, Е блоктары тікбұрышты жоспарда. Ғимараттың жалпы
 ауданы – 6667,2 ш.м., сыйымдылығы – 599 оқушы, сынып толымдылығы – 24 оқушы.

  1. «Зайсан қаласындағы 300 орындық мектеп»

Мектептің құрылысы 2022 жылдың сәуір айында «СМУ Шығыс» ЖШС мердігерлік ұйымымен басталды.

Ғимарат 2 қабатты, күрделі пішінді жоспарда, төрт блоктан тұрады. Ғимараттың жалпы ауданы – 4644,0 ш.м., сыйымдылығы – 300 оқушы, сынып толымдылығы – 24 оқушы.