
Қазақстанымыздың егемендігінің елең-алаңындағы 1991 жылдың әрбір күні ұлт тарихындағы аса маңызды парақтармен қатталғаны белгілі. Әсіресе 1991 жылдың желтоқсан айы қазақ үшін тарихи сәттерді бастан кешті. Соның ішінде үлкен өзгеріске бастаған қадам ретінде 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау күнін айтуға әбден болады.
Расында да Қазақстанды қазірде әлем мойындайды. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде 27 жылға жуық басқарған Н.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. Елімізде тойланып отырған бұл мерекенің тарихи маңызы орасан зор екені айдан анық.