
"Жасыл десант": құрылыс басқармасының ұжымы ағаш отырғызды
Өскеменде Облысымыздың құрылыс және сәулет басқармасының қызметкерлері қаланы көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Енді 30-ға жуық жас көшет Қазыбек би даңғылының тротуар аймағын безендіреді.
"Біз ұжыммен бірге ағаш отырғызу үшін қолайлы уақытты пайдалануды шештік. Қандай әдемі аудан мен даңғылға қараңыз, біз жаяу жүргіншілер жолындағы аллеяны ағаштармен толықтырғымыз келді. Көп жылдан кейін бұл жер биік шыршалар мен сымбатты қайыңдармен безендірілетін болады", - деп бөлісті Басқарманың Әдеп жөніндегі уәкілі, әкімшілік бөлімінің басшысы Назым Мерекенова .
Басқарма басшысы Әсет Сүлейменовтың айтуынша, учаске кездейсоқ таңдалмаған.
"Бұл облыс орталығының жаңа бөлігі, даңғыл осы жерден бастау алады, ол жайластырылады, жаңа нысандар пайда болады. Болашақта бұл ағаштар әдемі пейзаж жасайды, ал жазда ол күн сәулесінен қорғайды. Аумақты көгалдандыру, әрине, экологиялық жағдайды жақсартады. Біз үшін мұндай іс - шаралар дәстүрлі болады деп ойлаймын", - деді ол.
Жасыл жас өсу үшін қара топырақпен тыңайтылу жұмыстары да жүргізілді.