
Халықаралық қарттар күні - бұл аталар мен апалардың, ата-аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. Бұл - жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Ардагерлер қажеттілігінен алшақ қалмай, үлкендерге құрмет көрсету халықтың мәдениеттілігін сипаттайтын негізгі белгі. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар.
Жас ұрпақтың басты мақсаты ешбір зейнеткердің ұмыт қалмауы болып табылады. Аса құрметті, қариялар! Сіздерге басқарма ұжымы атынан зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңыздың амандығын тілейміз! Ізгі тілекпен, ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы Әсет Сулейменов.