1) Мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік органда нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді;
3) мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңды сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысады;
4) мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындайды;
5) мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру бойынша жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
6) Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасының нәтижелері бойынша мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметін, әділет органдарының ескертулерін тұрақты негізде талдайды;
7) шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізеді;
8) тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында мемлекеттік органның қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдайды және оларды жою және кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша жан-жақты ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру.