1) құрылыстың ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымдағы жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;;
2) әкімшілік-шаруашылық, әлеуметтік-мәдени және тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы объектілерді салу және қайта жаңарту жөніндегі жұмыстардың тікелей орындалуына басшылықты жүзеге асырады;;
3) аяқталмаған құрылыс көлемін қысқартуға жіберу арқылы қаржы қаражатының мақсатты және ұтымды пайдаланылуын және оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді;
4) басқару міндеттері мен функцияларын орындауды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
5) объектілерді салу және қайта жаңарту саласында мемлекеттік басқару мен реттеуді жетілдіру және жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
6) ғимараттар мен құрылыстарды салу, қайта жаңарту, күрделі жөндеу бойынша әртүрлі қызмет түрлерін ұсынатын барлық меншік түріндегі ұйымдармен жұмыс жүргізеді;
7) құрылыс ұйымдарының, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдардың шарттық міндеттемелерді орындауын бақылайды;
8) құрылыс жоспарларының орындалуын ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыстардың орындалу мерзімі мен сапасын, олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, қауіпсіздік техникасы нормаларына, өндірістік санитария нормаларына, еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;
9) объектілерді уақтылы пайдалануға беруді бақылауды жүзеге асырады;
10) құрылыс алаңдарында жабдықтарды орнатуға, сынауға және тіркеуге байланысты мәселелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен келіседі;
11) құрылыс бойынша есеп пен есептілікті жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
12) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қалалар мен аудандар әкімдіктерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
13) өз құзыреті шегінде ҚР Заңдарының, ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі Қаулыларының, облыс әкімдігі қаулыларының, Басқарма қызметіне қатысты мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді;
14) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шағымдар мен өтініштерді қарайды, оларға және заңды және жеке тұлғалардың сұрауларына жауап дайындайды;
15) өз өкілеттігі шегінде басшыға қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін әзірлеу және тексеру;
16) өз құзыреті шегінде басқармаға жүктелген өзге де функцияларды орындайды.