"ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ-нің Сәулет және қала құрылысы бөлімі туралы Ережесі

"ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ-нің Сәулет және қала құрылысы бөлімі туралы Ережесі 

  1. Жалпы ережелер
  1. Сәулет және қала құрылысы кадастры бөлімі (бұдан әрі мәтін бойынша – бөлім) "ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.»;
  2. Бөлім туралы ережені, оның құрылымын, штат санын және қызметкерлер арасында міндеттерді бөлуді басқарма басшысы бекітеді;
  3. Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулыларын, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерін, ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бұйрықтары мен регламентін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары

 

  1. Облыс аумағында мемлекеттік сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізуге қатысу және сәулет-қала құрылысы қызметін үйлестіру;
  2. Мекенжай тіркелімі ақпараттық жүйесін жүргізу мен толтыруды, өзектілігін үйлестіру және мониторингілеу;
  3. Қала құрылысы қызметі мәселелері бойынша заңды тұлғалар мен азаматтардың өтініштерін қарау;
  4. Қала құрылысы кадастры бойынша мәліметтерді республикалық деңгейге беру;
  5. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының құрамында облыс аумағының қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларының жобаларын (облыстың аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну; оларды іске асыру жөніндегі қызметті одан әрі үйлестіре отырып;
  6. Халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарының қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларының жобаларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
  7. Елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс салу жобаларын), оларды іске асыру жөніндегі қызметті кейіннен үйлестіре отырып, облыстық әкімдікке бекітуге ұсыну;
  8. Халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
  9. Облыстық маңызы бар қалалардың облыс аумағы, резервтік аумақтар, қала маңы аймағы, сондай-ақ заңды түрде қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған өзге де аумақтар есебінен оларды дамыту бөлігінде бас жоспарларының жобаларын келісу;
  10. Облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын келісу.
  11. Бөлім құзыреті шегінде өзге де жұмыстарды орындау.

 

  1. Бөлім

 

  1. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан қала құрылысы кадастрының деректер базасын қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты алу;
  2. Сәулет-қала құрылысы қызметі саласында іске қосылған Мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру және жақсарту бойынша мәселелер мен ұсыныстарды облыс әкімдігінің мәжілістеріне қарау үшін шығару;

3.Бөлім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларынан туындайтын басқа да құқықтарды пайдаланады;

 

  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімді басқарма басшысы тағайындайтын бөлім басшысы басқарады;
  2. Бөлім басшысы Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасайды және бөлім құзыретіне жататын бұйрықтар мен нұсқаулардың уақытылы орындалуына бақылау жасайды;
  3. Бөлім басшысы бөлімнің жұмыс жоспарын дайындайды және олардың орындалуын бақылайды, бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөледі, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады, бөлім қызметінің аса маңызды мәселелерін талқылау бойынша жедел кеңестер өткізеді;
  4. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар жобаларын, өзге де құжаттарды, кеңестерде қарау үшін материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді, басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерінің және Мемлекеттік органдардың қызметімен бөлімнің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;
  5. Бөлім қызметкерлерін жазалау, көтермелеу бойынша ұсыныстар енгізеді;
  6. Бөлім басшысы болмаған кезде оның міндеттерін атқару Бөлім басшысының ұсынысы бойынша бөлім қызметкерлерінің біреуіне Басқарма бұйрығымен жүктеледі.
Дата публикации
11 мая 2020