
Аудандық мәслихаттың кезекті елу төртінші сессиясын шақыру туралы
VI - шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезекті елу төртінші сессиясы 2020 жылдың қыркүйекте айының 25 күні сағат 11-00-де Күршім ауылында, аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Күн тәртібіне төмендегідей мәселелер ұсынылады:
1. Ауданның тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және мәдени-әлеуметтік нысандарының қыс кезеңіне дайындығы туралы.
Аудан әкімінің орынбасары.
2. Аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, заңдылықтар және әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
Тұрақты комиссия төрағасы.
3. Күршім және Қалғұты ауылдық округі әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есептері.
Ауылдық округ әкімдері.
4. Әр түрлі мәселелер.
Тұрақты комиссиялар отырысы сағат 09-00 - да.
Күршім аудандық
мәслихаттың хатшысы Л. Кемешева