
2025 жылы 24 ақпан күні Күршім ауданының ТЖ бөлімі және 30-ӨСБ қызметкерлерімен су тасқыны кезеңіне айлығына, көктем кезіндегі су тасқынын қауіпсіз өткізу мақсатында, су тасқыны қауіпі бар Күршім,Бірлік,Маралды,Барак Батыр елді-мекеніне жол жүрді. Ауылдық округ әкімдеріне су тасқынына дайындалу ескертулер беріліп, су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері, елді-мекендерді су басу қауіпі болғандағы іс-әрекеттер, қауіпті аймақтардан эвакуациялау, соның ішінде қауіп-қатерлер мен жинау орындарын хабарлау, су тасқыны жағдайында тәуелсіз әрекеттер туралы ереже түсіндірілді. Сондай-ақ, қар мен қоқыстардан үй иелерінің аумақтарын тазарту қажеттілігі туралы ұсыныстар жасалды.
Күршім ауданының ТЖБ
инженері азаматтық
қорғау аға лейтенанты А. Кусаинов