
Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
Құрметті оқырман, парақшамыздың бүгінгі #oqy&toqy айдарында аты-жөнін өзгерткен кезде берілетін анықтаманың телнұсқасын қайта алу жайлы айтатын боламыз. Ол үшін:
Egov.kz порталына кіріңіз;
Іздеу жолы арқылы «Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін табыңыз;
Қызметті онлайн сұратыңыз;
Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;
Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы деректерді порталға енгізіңіз;
Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз;
Үшінші қадамда төлем мәртебесі жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз;
Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.
Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш.
Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.
Достар, көп жағдайда некеге тұрғаныңыз жөніндегі анықтама сұратылып жатады. Оны онлайн алу өте оңай. ЭЦҚ болса, egov.kz порталынан кез келген анықтаманы ала алатыныңызды ұмытпаңыз. Ең алдымен электронды үкімет порталынан авторланып, «Некеге тұру туралы анықтаманы беру» қызметін таңдаңыз. Төлем шлюзі арқылы қызметтің 0,3 АЕК көлеміндегі ақысын төлеңіз.
Дайын анықтаманы бір күн ішінде жеке кабинетіңіздегі «қызметтерді алу тарихы» бөлімінен жүктеп ала аласыз.
Дәл осы жолмен ажырасу туралы анықтаманы алуға болатынын ескертеміз. #Oqytoqy
Достар, сіз телеграм қосымшасындағы egovkzbot-тан түрлі анықтамаларды алып, сервистерді пайдаланып көрдіңіз. Енді дәл солай қызметтерді танымал facebook және Vk әлеуметтік желілері арқылы алуға болады. Әзірге ВКонтакте жүйесінде 19, Facebook арқылы 15 қызмет қолжетімді. acebook арқылы қызметтерді алу үшін әлеуметтік желінің мэссенджерінде «Портал egov.kz» жазуын енгізіп, бот сілтемесін басыңыз. Сізге бірден қызметтер мәзірі шығады. ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі сервисті қолдану үшін онда «Портал eGov.kz» аккаунтын тауып, хабарлама жазатын жерде диалог терезесін таңдаңыз, қажетті қызметтер мен сервистерді алу үшін сізден ЖСН мен телефон нөмірі сұратылатын болады. Әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызмет боттарын смартфоннан да, ноутбуктен де бірдей пайдалануға болады!
Банктен алған несиелеріңіз туралы егжей-тегжейлі білгіңіз келе ме немесе «несие тарихы» бойынша анықтама қажет па? Оны egov.kz порталы арқылы алу оңай!
Бұл үшін:
- Порталда авторланыңыз;
- «Дербес несие есебі» қызметіне тапсырыс беріңіз;
- Өтінішті толтырыңыз;
-ЭЦҚ-мен қол қойыңыз. Несие есебі туралы ақпарат сіздің жеке кабинетіңізге 15 минут ішінде келеді. Жылына бір рет «несие есебі» қызметін тегін алуға болады, қайтара сұрату - ақылы. #oqytoqy
Некені тіркеудің онлайн жолы қандай?
Некелерін заңды түрде рәсімдеймін деген жас жұбайлар egov.kz порталының қызметіне жүгіне алады, ол үшін екеуінің де электронды цифрлық қолтаңбасы (қосымша мобильді азаматтар базасында тіркеуі) болуы тиіс.
Онлайн өтінішті кімдер бере алады?
Портал арқылы өтінішті 18 жастан асқан, некеге алғаш рет тұрғалы жатқан болашақ ерлі-зайыпты ғана бере алады.
Онлайн өтініш қалай беріледі?
Мәселен, күйеужігіт порталға кіріп, қызметті таңдағаннан кейін, болашақ жары мен өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін енгізеді. Кейін ол некелері тіркелетін жергілікті атқарушы органның тіркеу бөлімін таңдап, қызмет құнын төлеуі тиіс. Бұдан кейін қалыңдық та порталға кіріп, «Қызметтерді алу тарихы» тарауын таңдап, ондағы сұрауға жауап беріп, өтінішті электронды цифрлық қолтаңбасымен растайды. Некені тіркеу күні және орны туралы хабарлама порталдағы жеке кабинетке келеді.
Неке қай мерзім ішінде тіркеледі?
Ерлі-зайыптылардың тіркеуін жауапты орган өтініш берілген күннен бір ай өткен соң жүргізеді.
#oqytoqy