Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан аймағының таулы бөлігінде қардың мөлшері көп болуына байланыстыа су басу қаупі жоғары. ТЖ қызметі сақ болуды ескертеді. Тікелей сіз тұратын жерге орналасқан су қоймаларының су деңгейін бақылаңыз. Жеке аулада селдің суы кедергісіз ағуы үшін жұмыстар жүргізіңіз:

- жақын бұлақтарды, арықтарды қоқыстан және мұздан тазартыңыз;

- аулада су ағатын орларды қазыңыз;

- үй ауласын бөгеуге қолда бар материалдарды дайындаңыз (қаптар, топырақ, құм, саз).  

Алғашқы қажетті заттары бар сөмке немесе арқа қоржынын, ауыз суы мен азық-түліктің аз мөлшердегі қорын дайындау қажет. Су болмайтындай жерге құжаттарды салыңыз.

 Бағалы заттарды, қоймадағы азық-түлік қорларын шатыр астына немесе су баспайтын аймаққа көшіріңіз.

          БАҚ-ның ақпараттарын және көлік құралдары мен кәсіпорындардың   үзілмелі белгілері және сирена дабылдарын мұқият бақылаңыз.  

         Су басу жайлы хабар алысымен асығыс және көшірілу пунктері ұйымдастырылған бағытқа қарай үй-жайларыңызды тастап шығыңыз.

          Егер су деңгейінің жоғарылағанын байқасаңыз жедел мына телефондарға хабарласыңыз: 101, 23-583, 22-016 сонымен қатар аудандық ТЖ қызметіне және жергілікті атқарушы органдарға хабарласыңыз.

 

Күршім ауданының төтенше жағдайлар бөлімі