
Күршім ауданы Күршім ауылы ТЖБ қызметкерлері ескертеді. Жолға шығарда, ауа-райы жагдайын, жол жүру үшін жолдардың ашық болуын қадағаланыз. Ол үшін «Darmen» мобильді қосымшасын жүктеніз,
-Автокөлікті жағалауда қалдырыңыз.
-Жаяу жүргіншілер үшін мұздың қалыңдығы 7 см кем болмауы кажет және мөлдір болуы керек.
-Мұз бетіне тәуліктің күндізгі уақытында ғана шығыңыз.
-Мұздын үстінен өсіп тұрған өсімдігі бар, бұлақ ағынды сулары құйылатын жерлерден сак болыныз.
-Өзіңізбен бірге ұялы телефоныңызды, қосымша киім және ұзындығы 12-15 метр аркан алып жүріңіз, оның бір жақ ұшына ілмек, екіншісінде салмағы 400-500 грамм жүк, бір жағдайға ұшыраған кезде, оның ұшын лақтыру қажет, сонда сізді құтқара алады.
-Мұз бетінде 5-6 м интервалмен тізе бүгіп жүру қажет. Жағаға мұзға шыққан бағытпен қайта оралу кажет.
-Жүкті, мұз жарылған жағдайда одан тез босатылып шығуға болатындай ғана алу керек.
-Мұз бетінін шағын аланында үлкен топтармен жиналмаңыз.
-Шектелген учаскеде көп шұңқыр бұрғыламаңыз, шұңқырлар арасындағы арақашыктык
5-6 метрден аспауы кажет.
- Егер де мұз астына түсіп кетсеңіз, үрейне берілмеңіз.
Алдымен мұз үстіне бір аяғыңызды? Сосын екіншісін шығарып алыңыз.
- Бүкіл денеңізбен мұз үстіне шыкқаннан кейін, абайлап, кауіпсіз жерге жылжи беріңіз. Жүзу құралдарын пайдалану кезінде тыйым салынады:
- Техникалық ақауы бар құралдарды пайдалану;
- Құтқару және су төгетін құралдарсыз жүзуге шығу;
- Жүзу құралдарын жегу;
- Мас күйінде жүзуге шығу;
-16 жасқа дейінгі балаларға үлкендерсіз жүзуге шығу;
-Жүзу құралының ернеуіне отыру, бір орнынан екінші орынға отыру;
-Жүзу құралдарын түнгі уақытта пайдалану.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 немесе 101 нөмерлеріне хабарласыңыз.