1 қазаннан бастап Өскемен қаласындағы кезекшінің мекен-жайы өзгереді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы хабарлады.
Бұрын кезекші кесте бойынша азаматтарды Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында қабылдаған. Енді кезекші ХҚКО Сәтбаев даңғылы, 34/2 мекенжайында жұмыс істейтін болады.
Естеріңізге сала кетейік, кезекші кесте бойынша ХҚКО азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00 – ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбіде-9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.
Естеріңізге салайық, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының кезекшісінің мекен-жайы өзгеріссіз қалады: Самар тас жолы, 23. Ол дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00 – ден 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетейік, әдеттегі кесте бойынша ХҚКО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.