Шөп шабу кезінде өрт қауіпсіздігі

Шөп шабу кезінде өрт қауіпсіздігі

Шөп шабу кезінде өрт қауіпсіздігі

 

Күршім ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімі шөп шабу кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы еске салады.

Осыған байланысты өрттерді болдырмау мақсатында, аудан тұрғындарына, шаруашылық қожалықтарының басшыларына, жер учаскелерінің жалға алушыларына және иелеріне сақтық шараларын орындау қажеттілігі туралы жеткіземіз:  

  • ұшқын сөндіргіш құрылғылармен жабдықталмаған, отын және гидравликалық жүйелерінде ЖЖМ ағып жатқан, өрттерді сөндіру құрылғыларымен жабдықталмаған автотракторлық техниканы жұмысқа жібермеу; 
  • сөндірілмеген алаулар, бықсыған темекі мен сіріңкелерді қалдырмау;
  • жалға алынған және тиесілі шабындық алқаптарда толық көлемде қатты жем-шөптің жинауын жүзеге асыру. 

Есте сақтаныз: Әрдайым өрт қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, Сіз өзіңізді және басқаларды ауыр зардаптардан сақтайсыз.   

 

Күршім ауданы ТЖБ