Көктемгі су тасқынының алдын алуда шаралары барысында Күршім ауданының әкімі А.Акышовтың тапсырмасымен Абай ауылдық округінің Бурабай ауылының жоғары тұсындағы Күршім өзеніндегі бөгеттің (дамба) осал тұстарына жөндеу, ұзындығы 1,3 км дамбаны нығайтып, биіктету және ұзындығы 1,5 км жерге қиыршық тас төгіп көмкеру (оверлок) жұмыстары жасалды.
Қосымша Бурабай ауылының «Еспенбет» учаскесінде ұзындығы 1,3 км дамбыны жөндеп, тас төгу және 180 метр жерге ағаштан қорап жасап, ішіне қиыршық тас төгіліп дамба жасалды.
Сонымен қатар, 250 метр дамбыны нығайту жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстарға жеке кәсіпкер Ж.Адрышовтың 1 погрузщик, 2 камаз, 1 экскаватор, 1 ДТ техникалары тартылып, 8 адам жұмыс жасауда.