Аудандағы мәдениет саласындағы жағымды жаңалықтар

Аудандағы мәдениет саласындағы жағымды жаңалықтар

Қ.Тұрар атындағы аудандық Мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары басталды. Материалдық-техникалық базасы жаңаланып, жаңа техника алынды, хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сонымен қоса, мердігерлік ұйым сахнаның жөндеу жұмыстарын бастады. Әртістерге арналған жаңа "Газель" машинасын сатып алуына қаржы бөлінді. Сахналық киімдер алынды.
"2024 жылы "Шабыт " Мәдениет үйінің сахнасына 30 млн теңге бөлініп, оның 22,5 млн теңгесін Алматы қаласының мердігері ұтып алды. Бүгінгі күні жұмыстар жүргізілуде, аяқталу мерзімі - 10 маусым. Қосымша сахналық киімге 6,5 млн теңге бөлінді. Қазір конкурстық жұмыстар жүргізіліп жатыр, конкурс аяқталғаннан кейін әртістер мен ансамбльдірге киімдер сатылып алынатын болады. "Газель" машинаға конкурстық жұмыстар аяқталып, осы айдың соңына дейін көлік ауданға жеткізіледі " - деп мәлімдеді Күршім ауданы әкімінің орынбасары М.Альбеков

Және әкімшіліктің айтуы бойынша Құйған ауылында ауылдық клуб салуға қаражат қарастырылды. Қазір мердігер анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Айта кететін болсақ, ауданда мәдениет мәселелері үнемі назарда болып отырады. Бүгінгі күні аймақта бір аудандық Мәдениет үйі, 27 ауылдық клуб және 109 штаттық бірлік жұмыс істеуде.