
Аудан әкімі А. Акышов аудан ақсақалдарымен, қоғамдық ұйым жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында ақсақалдар ауданда атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға, жол, су, жарықтың тартылып жатқанына өз ризашылықтарын білдірді.
Кездесуде қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш Жақыпбек Малдыбаевқа "Халық қаһарманы" атағы берілсе деген ұсыныстарын алға тартты.
Жақыпбек Малдыбаев 1907 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1929 жылы өз еркімен қызыл әскер қатарына қосылып, взвод командирінің көмекшісі болған. Ұшқыш-бақылаушылар даярлайтын мектепте білім алған. Испан соғысына қатысып, 1938 жылы қайтыс болған.
Ер есімін ұмытпау, қадірлеу —ұрпаққа парыз. Осы тұрғыдан қазақтың тұңғыш ұшқышы Жақыпбек Малдыбаев жоғары атақ пен құрметке лайық дейді ауыл ақсақалдары.