Мульковое ауылына баратын жолды жарықтандыру жұмыстары

Мульковое ауылына баратын жолды жарықтандыру жұмыстары

 

Күршім ауданында 7 ауылдық округ, 21 елді мекен бар. Елді мекендердегі әлеуметтік маңызы бар мәселелер жылдан жылға оң шешімін тауып келеді.
Аудан әкімі А.Акышовпен кездесуінде ауыл жұртшылығының көтерген мәселесінің бірі Мульковое ауылына баратын жолды жарықтандыру жұмыстары 2024 жылы Күршім ауданында іске асыруға жоспарланған жобалардың бірі болатын.
Тәуліктің түнгі уақытында жаяу жүргіншілердің, автокөліктің қауіпсіз жүруі үшін сондай-ақ иесіз жүрген малдармен соқтығысуда жазатайым оқиғаларды алдып алып, болдырмау үшін Күршім-Мульковое (Күршім ауылының шыға берісіндегі «Діңгек» көпірінен бастап, «Понтон» көпіріне дейін) автожолының бағыты бойынша жарықтандыру бағандары орнатылған болатын. Бүгінгі күнге жолдың осы учаскесінде шамдарды орнату жұмыстары толығымен аяқталып, түнгі уақытта жарқырап жанып тұр.