Шартты сотталғандардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру

Шартты сотталғандардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру

Сотталған адам есепке қойылған кезде Инспекция қалалық, аудандық ішкі істер органының бастығына жәнеде жергілікті мекемелерге есепке алынғаны жайлы хабарламалар жібереді. Сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша мінез-құлқын бақылау жасайды.

Есепке қойылғаннан кейін сотталған әңгімеге шақырылады, әңгіме барысында оған сот тағайындаған жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары түсіндіріледі.

Шартты сотталғандардың қоғамдық тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асыруға ішкі істер органдарының қызметкерлері тартылады.

Әңгіме өткізгеннен кейін анықтама жазылады, ол тілхатпен бірге сотталғанның жеке ісіне тігіледі.

Шартты сотталған яғни сынақ мерзіміне сотталған адам:

  • Айына екі рет Инспекцияға өз мінез-құлқы турааы есеп беруге;                        
  • Өзіне сот жүктеген міндеттерді атқару;
  • Шақырту бойынша Инспекцияға келуге міндетті.

Сотталған оған сот жүктеген міндеттерді атқарудан жалтарған не ол қоғамдық тәртіп бұзған, бұл үшін әкімшілік жаза қолданылған жағдайда, Инспекция сотталғаннан түсініктеме алады және шартты соттаудың күшін жою мүмкіндігі туралы ескерту жасайды. Сонымен қатар ҚР ҚК-нің 64 бабының 2 бөлімін басшылыққа ала отырып сынақ мерзімін ұзарту туралы жергілікті сотқа ұсыным жазады, бірақ ол бір жылдан аспауы керек.

Сотталған сынақ мерзімі ішінде ҚР ҚК-нің 64 бабының 2 бөліміне көрсетілген әкімшілік құқықты қайталап жасаған жағдайда, сондайақ заңды талаптарға бағынбаса ҚР ҚК-нің 64 бабының 3 бөлімін басшылыққа алып шартты түрде сотталудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы етеді.

Сынау мерзімі соттың үкімі заңды күшіне енген сәттен бастап есептеледі.

Сотталғанның сынақ мерзімі өткен кезде, мінез-құлқына бақылау жасау тоқтатылады.

 

ШҚО бойынша ҚАЖД

Күршім аудандық №2

ПҚ-нің инспекторы

әділет лейтенанты                                                         Б.М.Құмарбеков.