БАЛЫҚ АУЛАУ- ҚАУІПТІ КӘСІП

БАЛЫҚ АУЛАУ- ҚАУІПТІ КӘСІП

Күршім ауданында, уылдырық шашу уақытынан бөлек жыл көлемінде, кәсіпкерлер және әуезқой балықшылармен ауданымыздың су айдындарында балық аулануда. Биылғы жылы, сондай-ақ откен жылдары қайықтан және қысқы мерзімде балық аулау кезінде балықшылар суға батып, бір қатар қайғылы оқиғалар орын алған.

Күршім ауданының ТЖБ қызметкерлері, жануарларды қорғау инспекциясының аумақтық органдары және ШҚО ТЖД «ӨСжАКЖҚ» ММ №9-жедел құтқару жасағымен бірлесіп бекітілген жоспарға сәйкес 2020 жылғы 23 маусым күні, су айдындарында балық аулау кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін Буқтырма су қоймасы жағалауында 2 рейд жүргізіп, Құйған ауылында 35 балықшы қатысуымен әнгімелесу өткізді. Іс-шаралар барысында су айдындарындағы қауіпсіздігі бойынша 70 жаднама таратылды.

Күршім ауданының төтенше жағдайлар бөлімі табиғатта жақсы демалуларыңызға және балық аулау кезінде сәттілік тілейді!

Су қоймаларында абай болыңыздар!!!