Шығыста «Шартты түрде сотталған» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Шығыста «Шартты түрде сотталған» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Кейде өмірде жаза басып, сәл нәрседен қателесіп, кейін бармақ тістеп, өкініп жататын жандар аз емес. Екі қолымен жасаған ісін мойнымен көтеріп жүрген азаматтарымыз да бар.

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарды бақылауға алып, олардың психологиялық түсінігін жақсартып, осы қоғамға бейімдеп, болашақта теріс жолға түспеуге үгіттеу – пробация қызметінің алдындағы мақсаттардың бірі.

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министірлігі қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаға сотталғандар арасындағы қайталама қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында облыс аумағында ағымдағы жылдың 15-25 маусым аралығында Шартты түрде сотталған жедел-профилактикалық іс-шарасы жоспарға сай өткізуде.

Атап айтқанда, Күршім аудандық №2 пробация қызметі бөлімінің есебінен 18 қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға соталғандар өткен, осы сотталғандардың тарапынан қайталама қылмыстың алдын алу мақсатында ШҚО ПД Күршім аудандық КПБ Марқакөл полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлері учаскелік инспекторларымен бірлесіп сотталғандардың тұрғылықты мекен жайын тексеріп, сотталғандарға әсер ете алатын жақын туыстарымен сұқбат жүргізуде.

Сонымен қатар, Күршім аудандық №2 пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекен жайын тексеру барысында, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға соталғандар тарапынан қандайда бір әкімшілік құқық бұзушылық немесе сотпен белгіленген міндеттерді бұзған жағдайда, пробация қызметі тарапынан сотталғандарға жаза қолданылады. Атап көрсеткенде, сотталғандардың қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларын, бас бостандығынан айыру жазасына немесе шартты сынақ мерзімі ұзартылады.

 

ШҚО бойынша ҚАЖД

Күршім аудандық №2 ПҚ-нің инспекторы

әділет лейтенанты                                                                 Б.М. Құмарбеков