
ІІМ-нің 27.12.2018 жылғы № 176 бұйрығымен бекітілген ҚР ІІМ 2019 жылға арналған жоспарынның 86 тармағын орындау үшін, сондай-ақ, полиция бөлімшелерінің және пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру, пробация қызметі есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау және қайталама қылмыстардың алдын алу бағытында 2020 жылдың 15-25 маусым күндері аралығында ҚР ІІМ «Шартты түрде сотталған» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осы мақсатта пробация қызметі есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау және қайталама қылмыстардың алдын алу бағытында Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаменті Күршім аудандық №1 пробация қызметі, Күршім аудандық прокуратура өкілдерімен бірлесіп Күршім аудандық №1 пробация қызметінің есебінде есепте тұрған сотталғандармен кездесу өткізді. Күршім аудандық прокурорының орынбасарымен сотталғандарға жаза өтеу тәртібі мен шарттарын қайталап жеткізіп және олардың тарапынан қайталама қылмысқа жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар есепте тұрған азаматтарды толғандыратын сұрақтар; атап айтқанда жұмысқа орналасу, қандайда-бір әлеуметтік-құқықтық көмек алу, білім алу, мамандықты игеру бойынша қайта даярлау курстарынан өту, кепілді түрде тегін медициналық көмек алу, өзінің жеке кәсібін ашу бойынша даярлық курстарынан өту мәселелері бойынша кеңінен жеткізу болды.
Кездесу барысында азаматтарды толғандыратын әртүрлі сұрақтар қойылып, Күршім аудандық №1 пробация қызметі аудандық прокуратура өкілдерімен аталған сұрақтарға жауап берді.
ШҚО бойынша ҚАЖД Күршім аудандық №1 пробация қызметнің бөлімше бастығы әділет капитаны Д.О. Толықов