Отандастарымыз зейнетақы капиталын басқаруға берілген мүмкіндікті қалай пайдалануда?

Отандастарымыз зейнетақы капиталын басқаруға берілген мүмкіндікті қалай пайдалануда?

Өздеріңіз білетіндей, зейнетақы активтерін инвестициялаумен ҚР ҰлттықБанкі (ҚРҰБ), ал 2021 жылдан бастап инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) айналысады. Зейнетақы жинақтарын осындай сенімгерлік басқарудың басты мақсаты-түрлі қаржы құралдарына инвестициялау және одан табыс алу.

2021 жылғы қаңтар айынан бастап заңнамаға сәйкес Қазақстанның әрбір азаматы өзінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырған зейнетақы жинақтарының бірбөлігін жеке басқарушы инвестициялық компанияларға сенімгерлік басқаруға беру құқығына ие болды. Бұл құқықты зейнет жасына толмаған, бірақ МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен "Ең төменгі жеткіліктілік шегінен" асатын зейнетақы жинақтары бар салымшылар, сондай-ақ, сақтандыру компанияларымен оларға өмірбойы аннуитеттік төлемдерді қ амтамасыз ететін зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан салымшылар пайдалана алды.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің күшіне енуіне орай салымшылар басқарушы компанияларға жарналардың міндетті түрлері есебінен қалыптастырылған өз жинақтарының 50% дейін және ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтарының 100% дейін аудара алады.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ бес ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартқа отырған. Сіз ол туралы ақпаратпен танысып,  инвестициялық декларацияларын enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" – "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі" бөлімінде біле аласыз.

2021 жылдың 15 наурызы мен 31.12.2023ж. аралығында ҚРҰБ-тан ИПБ-ға27 757,23 млн теңгеге 20 110 аударым жүзеге асырылды.

Аударымның орташа сомасы шамамен 1,4 млн теңге. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша толық статистика  enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді.

2021 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі кезең ішінде ҚРҰБ-тан ИПБ-ға жасалған аударымдар (млн. теңгемен) төмендегі сипатта берілген: 

 

ИПБ атауы

2021ж. ішінде

2022ж. ішінде

2023ж. 1-тоқсаны

2023ж. 2-тоқсаны

2023ж. 3-тоқсаны.

2023ж. 4-тоқсаны

2021ж. бастап 2023ж. дейін барлығы

 %-дық үлесі

"JusanInvest" АҚ

3 302,54

626,02

13,15

9,26

1 064,69

1 696,61

6 712,25

24,2%

«HalykGlobalMarkets» АҚ

1 954,31

534,49

7,03

5,92

371,68

668,45

3 541,87

12,8%

"BCC Invest" АҚ

1 153,54

276,42

6,68

6,94

676,40

964,49

3 084,47

11,1%

"СентрасСекьюритиз" АҚ

766,10

128,03

0,90

0,00

125,73

140,44

1 161,20

4,2%

"HalykFinance" АҚ

0,00

3,90

51,51

87,60

1 553,89

11 560,52

13 257,43

47,8%

Барлығы:

7 176,48

1 568,86

79,27

109,72

3 792,39

15 030,51

27 757,23

100%

Жоғарыдакелтірілгенмәліметтерденбайқағанымыздай, 2021 жылықазақстандықтарөзжинақтарынИПБ-ның басқаруына берумүмкіндігінеиеболғанкезде ҚРҰБ-тан 7 176,48 млн теңгесомаға 4 141 аударымдыжүзегеасырды. Соданкейін 2022 жылыжәне 2023 жылдыңбіріншіжартысындаИПБ-ға аударымдар жасауға дегенқызығушылықтыңтағы да төмендегенін көруге болады.

Зейнетақыактивтерінбасқарумүмкіндігібарлықсалымшыларғаберілген2023 жылғы 1 шілдеден бастап жинақтарын басқарушы компанияларға аудару қарқынының тағы да өсуібайқалады.

2023 жылғы шілде мен желтоқсан айлары аралығында отандастарымыз жаңа талаптарға сәйкес ҚРҰБ-тан ИПБ-ға 14 119 өтінішкесәйкес18,8 млрд теңгеаударды.

ЗейнетақыактивтерінИПБ-ныңсенімгерлікбасқаруына бастапқыбергенненкейінсалымшыөзініңзейнетақыжинақтарынбірИПБ-данекіншісінесенімгерлікбасқаруға беру бойынша БЖЗҚ-ғаөтініштіжылынабір рет қанаберугеқұқылы. 2022 жылғысәуір мен 2023 жылғыжелтоқсанаралығында БЖЗҚ қазақстандықтардыңжалпысомасы 502,57 млн теңгеге бір ИПБ-данекіншісінеауысуға 208 өтінішінорындады.

01.07.2023 жылдан бастап зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруынан ҚРҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару мерзіміқысқарды. ИПБ сенімгерлікбасқаруындағызейнетақыжинақтарын ҚРҰБ сенімгерлікбасқаруына қайтаруғаөтініштізейнетақыжинақтарыИПБсенімгерлікбасқаруына берілгенкүнненбастап 1 жылданкейін БЖЗҚ-ғаберугеболады. 2023 жылдыңсәуір-желтоқсанайларыаралығында БЖЗҚ жалпысомасы 3,13 млрд теңгегеИПБ-дан ҚРҰБ-қа қаражатаударубойынша 908 өтініштіорындады.

Естеріңізге сала кетейік, ИПБ БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген және ИПБ Инвестициялық декларациясында көзделген инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

ИПБ-лардың инвестициялық қызметтерінің нәтижелері төмендегідей::

 

Атауы

Инвестициялық кіріс (млн тенге)және зейнетақы активтерінің кірістілігі* (%)

 2021 ж.

 2022 ж.

 2023 ж.

 2021 жылдан 2023 жж. дейін барлығы

АО "JusanInvest"

139,29

8,08%

117,61

3,25%

606,28

13,48%

863,18

26,64%

АО «HalykGlobalMarkets»

112,79

8,41%

110,61

4,19%

403,99

15,55%

627,39

30,52%

АО  "BCC Invest"

74,51

8,37%

42,82

2,75%

230,23

13,05%

347,56

25,88%

АО "СентрасСекьюритиз"

46,72

9,37%

46,46

4,12%

105,27

10,67%

198,45

26,02%

АО "HalykFinance"**

0

0

0,01

0,13%

328,02

17,20%

328,03

17,35%

Барлығы: инвестициялық кіріс жәнезейнетақы активтерінің орташа кірістілігі

373,31

8,40%

317,51

3,64%

1 673,79

14,47%

2 364,61

26,22%

Ескерту:

** Зейнетақы активтерін есепке алу жүргізілетін шартты зейнетақы бірлігінің өсімі негізінде есептелген ИПБ-де сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің кірістілігі

** Қызмет басталғаннан бастап зейнетақы активтерінің кірістілігі ("Halyk Finance" АҚ-мен сенімгерлік басқару туралы шарт 2022 жылғы қарашада жасалған)

Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде салымшылар өздері таңдаған ИПБ-ның қанша табыс тапқанын көре алады.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметі ашық. БЖЗҚ зейнетақы активтерін ҚРҰБ мен ИПБ-лардың инвестициялық басқаруы және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz)  "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде жарияланады.

МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға аудару бойынша барлық қажетті ақпарат пен қадамдық нұсқаулық www.enpf.kzсайтындағы "Қызметтер" - "Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға аудару" бөлімінде орналастырылған.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).